“Алаштың ардақтысы”

Майқайың кітапханасында тұрақты оқырмандардың

қатысуымен ақын, демократ, педагог, публицист және

қоғам қайраткері Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына

130 жыл толуына орай “Алаштың ардақтысы” атты әдеби

кеш өткізілді. С.Торайғыров шығармалары – 20 ғасырдың

басындағы қазақ қоғамы шындығын, ондағы жаңашыл

ой-пікірдің дамуын танытатын үлкен белес. Оның ізденістері

«шындықтың ауылын іздеумен» байланысты, оның реализмі

бұлтақсыз, жалтақсыз айтылған шындыққа, әлеуметтік

тіршіліктің шынайы суреттеріне негізделген, оның теңденциясы да сыншыл.

INSTAGRAM