Қалмұқан Исабаевқа арналған оқулар

Қ.Исабаев атындағы орталық аудандық кітапханасында алғаш рет

Қазақ әдебиетінің қадірлі ақсақалы, көрнекті жазушы, журналист,

Ұлы Отан соғысының ардагері, Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту,

Құрмет орденінің иегері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының

лауреаты Қ.Исабаевқа арналған аудан бойынша оқушылар аралығындағы

аудан бойынша оқулар өткізілді.Оқуда әр қатысушы Қ. Исабаевтың бір

шығармасынан үзіндіні мәнерлеп жатқа айтты. Оқуымыздың шымылдығын

Жаяу Мұса атындағы өнер мектебінің ақындар сыныбының оқушысы

Советов Жансерік жазушыға арналған арнауымен бастады.

Павлодар облысының және Баянауыл, Ертіс ауданының Құрметті азаматы

қазылар алқасының төрағасы Қорабай Шәкірұлы, Баянауыл ауданының

Құрметті азаматы ардагер ұстаз Карибжанова Баян Елемесқызы, Баянауыл

көп салалы колледжінің басшысы ұстаз Мүбарак Асылхан Манарбекұлы,

Ж. Мұса атындағы Баянауыл балалар өнер мектебіңің ақындар сыныбының

жетекшісі, ақын, журналист «Жыр тұма» поэзия клубының төрағасы

Жеңіспек Пәзілұлы, Бірнеше республикалық мүшайралардың жеңімпазы,

Жұмабек Тәшенов атындағы «Жылдың үздік ақыны» сыйлығының иегері,

«Ғасырауған» кітабының авторы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

Әйткен Жоламан Төлеутайұлы әділқазылық жасап мыңнан тұлпар, жүзден

жүйріктерді анықтап, нәтижесінде оқушылар жүлделі орындарға ие болды.

Бас жүлде 95 балмен 80 мыңды ұтып алған З.Ақышев атындағы

ЖОББМ-нің 11-сынып оқушысы Ынтықбай Санжар Төлегенұлы, 1-ші орын

94 балмен 70 мыңды М.Ж. Көпеев атындағы ЖОББМ-нің 9-сынып оқушысы

Исабек Нұралы, 2-ші орын 93 балмен 60 мыңды Құндыкөл Ә. Марғұлан атындағы

ЖОББМ-нің 9-сынып оқушысы Серік Мархабат Маратқызы, 3-ші орын 92 балмен

50 мыңды Құндыкөл Ә.Марғұлан атындағы ЖОББМ-нің 9-сынып оқушысы

Аружанова Жансая Асығатовна иеленді. Шөптікөл ЖОББМ-нің 11-сынып

оқушысы Кәкім Дәмірбек, Жылбек Ағаділов атындағы ЖОББМ-нің 11-сынып

оқушысы Қайролла Рымгүл, Д.Рахметов атындағы ЖОББМ-нің 10-сынып

оқушысы Магазова Жанель Маратовна, Д.Рахметов атындағы ЖОББМ-нің

9-сынып оқушысы Төлеухан Зейнеп Асқарқызы осы оқушыларымыз

ынталандыру мадақтамаларымен және 10 мың теңгемен, қалған

қатысушыларымыз Алғыс хаттарымен марапатталды.

 

INSTAGRAM