“Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы”

Ақсан ауыл кітапханасында “Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы”

атты еске алу сағаты өткізілді. Іс-шара барысында оқырмандарға

1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл-әкімшіл солақай

саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп, демократия жолында құрбан

болған ұл-қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып,

жастардың алаңға не себепті шыққандығы түсіндірілді. Қайрат Рысқұлбеков,

Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова сынды

желтоқсан құрбандары туралы айтылды.