“Ел рәмізі – ұлт рухы” атты танымдық сағаты

Аймауытов ауылының кітапханасы мен мәдениет үйі бірлесе, Мемлекеттік рәміздер күніне орай,
”Рәміздер – ел беделі” атты кітап көрмесі қойылып, оқырмандардың қатысуымен “Ел рәмізі –
ұлт рухы” атты танымдық сағаты өткізілді. Іс-шара барысында Мемлекетіміздің рәміздері
Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекеттің
өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі екені жайлы
сұрақ-жауап арқылы мағлұмат берілді. Мақсаты: Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуді насихаттау.
Елді, халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеп, құрметтеу әрбір тәуелсіз
Қазақстан азаматының қасиетті борышы болып табылады.