“Рәміздерім – мақтанышым” атты іс-шара

4 маусым – Қазақстан Республикасының рәміздері күніне орай Үшқұлын ауылдық клубы,
кітапхана мен мектеп ұжымдары бірлесе ұлттық нышандарымызды ұлықтау мақсатында
“Рәміздерім – мақтанышым” атты іс-шара өткізілді. Шара барысында әнұранымыз орындалып,
көк туымызды желбіретіп мерекелік шеру өткізілді. Шараға ауыл тұрғындары, ауылдық
мектеп ұжымдары және оқырмандар қатысты.