“Елтаңбам, Туым, Әнұраным” атты поэзия сағаты

Майкөбе ауылының кітапханасында, Мемлекеттік рәміздер күніне орай “Елтаңбам, Туым,
Әнұраным” атты жас оқырмандардың қатысуымен поэзия сағаты өткізілді.
Мақсаты: Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту, Рәміздердің пайда болуы және
тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту, оқырмандарды Отансүйгіштік, адамгершілік,
халқына адал қызмет ету, елінің рәміздерін қастерлеу қасиеттері арқылы жалпы
адамзаттық құндылығына баулу.