Әбусейітов Қуат Әшірбекұлы (1925-2002)

(6.12.1925 жылы туған, Павлодар) — кинорежиссер, қазақ кино аудару өнерінің негізін қалаушылардың бірі. Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (1975). Алматы киноактерлер мектебін (1947), Бүкілодақтық мемлекеттік кино ин-тын (1958, Г. Рошаль мен С. Юткевичтің шеберханасында) бітірген.

Киноактерлер мектебінде оқи жүріп, Алматы көркем және хроникалық-деректі фильмдер студиясының киноаударма бөлімінде жұмыс істеді. Осы кезден бастап киноаудару өнерінің тех., көркемдік сапасына назар аударып, “Варяг крейсері”, Мәскеуде оқып жүргенде өзінің тұңғыш жұмысы-“Жас гвардия” фильмін қазақ тілінде сөйлетті. Содан бері 500 ден астам фильмді қазақша сөйлетті. Олардың ішінде “Автомобильден сақтаныңыз”, “Гамлет”, “Нақұрыс”, “Король Лир”, “Рүстем туралы аңыз” т.б. кинофильмдер бар. Ә. “Даладағы қайың” (1957), “Мазасыз көктем” (1958), “Дауыл” (1959), “өмір жолы” (1960), “Алматы көктемі” (1962), “Найзатас бөктерінде” (1969), “Ақын арманы” (1986 — 87, екі сериялы видеофильм; Д. Әбіловпен бірігіп сценарийін жазған) көркем фильмдерін, “Сераға” (1974), “Бәрі сен үшін” (1976, Е. Серкебаев жайлы), “Ғалым ауылында” (1990, Сәтбаев жайлы), “Тер сіңген жер” (1991), “Жүсіпбек Аймауытов” (1992) деректі фильмдерді, көптеген хроникалық фильмдер түсірген. 1990ж. “Айтуар” атты деректі фильмдер түсіретін студия ашты.“Сыр сандық” атты естеліктер кітабы жарық көрген.   
Қуат Әбусейiтовтың шығармашылық болмысы тамаша көріністерге тартылды: ол ән салуды ұнатқан, скрипка мен қобызда жақсы ойнады. Пьесалар жазды, оған байланысты өлең және сарындар шығарды. Уақыт өте келе оның бірнеше өлеңдері, әнші Суат, туған ағасының репертуарына еңді, және де шығармалары қазақ радиосында жиi естiлдi.
Көптеген фильмдердiң титрлерiнде оның фамилиясын көруге болады. Ол кейбір фильмдерде екінші режиссер болып жұмыс істесе, ал кейбіреулерінде режиссер-қоюшы болып істеді. «Конец атамана», «Березы в степи», «Дорога жизни», «У подножья Найзатас». Бірақта оның сүйіп істеген жұмысы – дубляж. Кидостудияларда Хуата Әшiрбекұлын дубляж iсiнiң шебері деп атаған. Әбусейітов үшін туған жерi Баянауыл мен оның адамдары шығармашылық шабыттың көзi болып табылды. Режиссермен түсірілген 30 телевизиялық фильмдерiнің көбiсі атақты жерлестерге арналған – бірінші қазақ академигі Қ.И.Сатпаевқа, драматург Ж.Аймауытовқа, ақын С.Торайғыровқа.

 

Әдебиеттер:

Әбусейітов Қ. Сыр сандық: өлеңдер, толғаулар, арнаулар,поэма/ Қ.Әбусейітов.- Алматы: Дайк-пресс,1997. -1 73 б.

Әбусейітов Қ. Туған ел: Суатыма (Өлеңдер)/ Қуат Әбусейітов// Сарыарқа самалы. — 1997. — 18 ақпан

* * * * *

Әбусейітов Қуат Әшірбекұлы// Қазақ өнері: энциклопедия.- Алматы,2002. — 80 б.

Әбусейітов Қуат Әшірбекұлы // Ертістің Павлодар өңірі : энциклопедия. – Алматы, 2013. – 190 б.

Баянаула перзенттері.- Павлодар : ЖШС ҒПФ «ЭКО»,2008. – 405 б.

Өнердің қос қанаты //Қ.М.Алдабергенов  Бір туар дара тұлғалар. — Павлодар «Университет баспа орталығы»,2003.- 303 — 309 б.

* * * * *

Молдайып С.Дарынын ардақтаған ел еңселі: // Сарыарқа самалы.- 2005. — 10 қыркүйек. — 1б.

Молдайып Сая, Әнінен тау тамылжан, тас иетін : (Суат Әбусейітовтің туғанына 85 жыл) // Сарыарқа самалы. — 2014. – 4 желтоқсан. – 24 б.