Марғұлан Әлкей Хақанұлы (1904-1985)

Әлкей Хақанұлы Марғұлан 1904 жылдың 11 мамырында Ақпекті болысының 2-ші ауылында (қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданы) дүниеге келді. 1920 жылы ол Павлодардағы мұғалімдер курсын бітіріп, мектепте сабақ береді. Ал 1921 жылы Семейдің педагогика техникумына түсіп, 1925 жылы оны үздік бітіріп шығады.

Сол жылы болашақ ғалым Ленинград институтының әдебиет факультетіне оқуға түседі. Онымен бір мезгілде Ленинградтың өнер тарихы университеті мен институтындағы профессорлар В.В. Бартольдтің, С.Ф. Ольденбургтың, И.Ю. Крачковскийдің, Н.Я. Маррдың, А.Н. Самоиловичтің, В.В. Струвенің, Б.Я. Владимирцевтің, И.И. Мещаниновтың лекцияларын тыңдайды.

Институтты тәмамдаған соң Ә.Марғұлан Қазақ ССР-ының Халық ағарту комитетінде жұмыс істейді. Ал, 1931 жылы Ленинградтағы Мемлекеттік материалдық мәдениет тарихы академиясының аспирантурасына түсіп, А.Ю.Якубовский және С.Ф.Ольденбургтың жетекшілігімен Түркістанның археологиясы, тарихы, өнер тарихына маманданады.

Ә.Марғұлан 1936-38 жылдары материалдық мәдениет тарихы институтында ғылыми  қызметкер, ал 1938 жылдан КСРО Ғылым Академиясы Қазақ филиалының қызметкері болып істейді. Осыдан бастап оның барлық шығармашылық өмірі КСРО ғылым академиясының Қазақ филиалымен (кейіннен Қазақ ССР Академиясымен) байланыста болды.

Ол Қазақ ССР Ғылым Академиясы Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтының 1941-1946 жылдары тарих секторын, 1946-1951 жылдары археология секторын, ал 1958-1976 жылдары этнография бөлімін басқарады.

1943 жылы Ә.Марғұлан «Историческое значение ярлыков и пайцза» деген тақырыпта тарих ғылымының кандидаттығын, ал 1945 жылы «Қазақ халқының эпикалық аңыздары» деген тақырыпта филология ғылымының докторлығын зор абыроймен қорғап шығады. Ол 1946 жылдан Қазақ ССР Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, 1958 жылдан академигі, ал 1960 жылдан профессоры атағын алады.

Оның репертуарында 22 эпикалық поэмалар мен эпопеялар болған. Ежелгі заманның аңызға айналған батырларынан бастап, XIX ғасырдағы қазақ батырларына қатысты барлық эпостарды білген.

Жаяу Мұса 1880 жылы өмір естеліктерін жазып, Қазанға жіберген. Қолжазбаға бірнеше тақырыптар кірген: 1) «Бөрібай хақында». Мұнда 45 жастағы Жаяу Мұса баласы туатын кезде інісі Ескендірмен екеуі түн қатып үйіне келе жатқанда жапан түзде қасқыр қамап, сондықтан Бөрібай қояды. Кейінірек Салық аталып кетеді. 2) «Дүние жаратылған оқиғасы». 3) «Кітап Орман илә Олжабай». Осы сияқты қолжазбалар туралы мағлұматтар келтірілген. Сондай ақ, бізге есімдері әлі бұлыңғырлау ақын-жазушылардың әр қолжазбаларынан үзіңді келтіріліп, мазмұндарына түсінік берілген. Мысалы, Қазан университетіне қолжазба кітаптарды аса көп жіберген, әсіресе, Жүсіпбек Шайыисламұлының жіберген 24 қолжазба кітаптарына жеке-жеке тоқталып, түсініктеме беріп кеткен.

Ш.Уәлихановтың таңдамалы (1958) және 5 томдық шығармалар жинағы құрастырған үшін(1961-1972) Қазақ КСР ҒА – ның Ш. Уалиханов атындағы сыйлығының иегері болды.

Ә.Х.Марғұланның 100 жылдық мерей тойы ЮНЕСКО шеңберінде аталып өтті. 2003 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің алдындағы алаңда және 2007 жылы Алматыдағы Ұлттық Ғылым Академиясының жанында қолдан бюст – ескерткіштер орнатылған.

Баянауыл ауданың Құндыкөл ауылындағы жалпы орта білім беру мектебі және Баянауыл орталығында бір көшеге Ә.Х.Марғұланның есімі берілген.

Әдебиеттер:

Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар: ғылыми – зерттеу мақалалар. – Алматы, 1985. – 368 б.

Маргулан А. Шоқан және «Манас». – Алма-Ата,1970

Марғұлан Ә. Шығармалары. Он төрт томдық./ Ә.Марғұлан. – Алматы, 2007-2012

Т.1.: Шығармалары, 2007. – 608 б.;

Т.2.: Шығармалары, 2007. – 432 б.;

Т.3.: Шығармалары, 2007. – 488 б.;

Т.7.: Шығармалары, 2009. – 432 б., қосымша суреттер;

Т.9.: Шығармалары, 2007. – 472 б., қосымша суреттер;

Т.10.: Шығармалары. – 2011. – 592 б.;

Т.13.: Шығармалары. – 2012. – 576 б.;

Т.14.: Шығармалары. – 2012. – 512 б.

Марғұлан Ә. Шығармалары / Бас ред. Т.С. Садықов. – Алматы: Алатау. – («Ә.Х.Марғұлан шығармалары»)

Марғұлан Ә. Шығармалары . – Алматы: Алатау. – Т.1. – 2007

Марғұлан Ә. Қазақтың халық музыкасындағы Қорқыт дәстүрі. // Қазақ бақсы –балгерлері. – Алматы, 1993. – 99 – 121 б.

* * * * *

Мандайы жаркырған марғаска // Дана даналары. – Алматы,2001. – 606 – 61 6.

Марғұлан Әлкей // Ертістің Павлодар өңірі : энциклопедия. – Алматы, 2013. – 479 б.

Марғұлан Ә.Х. // Қазақстан: ұлттық энциклопедия. – 10 т.-Алматы, 2004. – 6 т. – 368 б.

Ақылдың кең – мәйегі //Алдабергенов Қ.М. Бір туар дара тұлғалар. – Павлодар: Университет баспа орталығы, «ЭКО», 2003. – 67 – 71 б.

Әлкей Марғұлан // Қазақтар. Көпшілікке арналған тоғыз томдық анықтамалық. –  Алматы, 2003. – 2 т. – 186 – 188 б.

Марғұлан Әлкей //Елтұтқа. – Астана,2001. – 317 – 319 б.

Мұсатайұлы А. Тағылым: Археолог Әлкей Марғұланмен кездесуден естеліктер. – Алматы: Өнер,2007. – 128 б.

Әлкей Марғұлан  // Жүз тұңғыш. – 2 – кітап / құраст. Бексұлтан Нұржекеұлы. – Алматы, 2005. – К.2. – 190 – 194 б.

Әлкей Марғұлан // Артықбаев Ж. Баянауыл. – Астана, 2009. – 113 б.

Марғұлан Әлкей Хақанұлы // Баянаула перзенттері. – Павлодар, 2008. – 35 б.

Әлкей Марғұлан (1904-1985жж.) // Тарихи тұлғалар. Танымдық-көпшілік басылым. – Алматы, 2006. – 112 – 114 б.

Сегіз қырлы ғалым // Мұхамедханов Қ. Көп томдық шығармалар жинағы. – Алматы,2007. – 5 т. – 309 – 314 б.

* * * * *

Арын Е., Нухұлы А. Ғылымның маңдайалды майталманы // Сарыарқа самалы. – 2003. – 22 мамыр.  – 6 б.

Бердібаев Р. Марғұлан мұнарасы // Егемен Қазақстан. – 1996. – 7 маусым.

Қойгелдинов М. Марғұлан мұрасы // Егемен Қазақстан. – 2004. – 25 мамыр. – 3 б.