Әдебиеттегі Баянауыл

Мазмұны
1. Әдебиеттегі Баянаула тарихы 2. Баянауыл ауданы жазушыларының кітаптары 3. Баянауылдың танымал адамдарына арналған кітап 4. Көркем әдебиеттегі Баянауыл
Баянауылдың танымал адамдарына арналған кітап

Сәтбаева Ш.Қ., Әбікей Сәтбаев / Ш.Қ.Сәтбаева. – Алматы: Жібек жолы, 2000. – 148 б., + 16 б. фотосүрет. – (қазақ, орыс тілдерінде)

Книга посвящена жизни и деятельности одного из ярких и трагических личностей казахского народа, видному педагогу, первому директору Семипалатинского педагогического техникума А.З.Сатпаеву, чье доброе имя возвращено современникам лишь в последнее время. Исследование основано на богатом материале, впервые введенном в научный обиход.

Сәтбаева Ш.Қ., Үрпақ сыры (Память потомков): Сәтбай ата және ұрпақтары туралы мақалар жинағы / Ш.Қ.Сәтбаева. – Алматы: Үш Қиян, 2003. – 224 б.

Оқырман назарына ұсынылып отырған бұл жинаққа көрнекті әдебиеттанушы ғалым Ш.Қ. Сәтбаеваның әр жылдары баспасөз беттерінде жарық көрген және кейбірі алғаш жарияланып отырған зеттеу мақалалары мен ой-толғамдары топтастырылды.

Сұлтанмахмұт: энциклопедия / құраст., жауапты ред. А.Ж.Құдабаев. – Павлодар: ЭКО, 2018. – 536 б., фотосурет

Тағзым. – Павлодар: ЭКО, 2003. – 72 б.

«Тағзым» №22 орта мектепте ашылған Қ.Сәтбаев атындағы мұражайдың жұмысына арналған бұл жинақта ұстаздар ұжымы мен шәкірттердің өңірдің өткен тарихына терең үңіліп, жасаған зерттеу жұмастары туралы ой қозғайды. Жинақтың өз оқырманың тауып, өнегелі ісімен танылатындығына сенім мол.

Төлеутай Ерлан, Баянауылдың дәстүрлі ән өнері / Е.Төлеутай . – Алматы: ҚАЗақпарат, 2006. – 122 б. *

Қарағандылық журналист, зерттеуші Е.Төлеутайдың «Баянауылдың дәстүрлі ән өнері» деп аталатын кітабында халқымыздың ұлы композиторлары Мұстафа Бүркітбайұлы, Жаяу Мұса, Жарылғапберді Жұмабайұлы, Естай Беркімбайұлы сынды өнер тарландарының өнегелі өмірі мен өлмес шығармашылығы шынайы деректерге негіздей отырып жазылған. Сондай-ақ, Арқаның белгілі әншілері, баянауылдық өнерпаздар Қали Байжанов, Қырықбай Жұмабеков, Жүніс Шәймерденовтердің өмірі мен шығармашықтарының көпшілікке белгісіз тұстары кең көлемде зерттеліп, тың тұжырымдар жасалған.

Топжарған: Шәкен Аймановтың 100 жылдығына арналады / құраст. Т.Смаилова. – Алматы: Раритет, 2014. – 400 б. + 2 вкл. – ( қазақша, орысша)

Кітап КСРО халық әртісі, КСРО және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, дарынды актер, қазақтан шыққан тұңғыш кинорежиссер, қоғам және мемлекет қайраткері Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың өмірі мен шығармашылығына арналған.

Ш.Қ. Сәтбаева – 80 жасқа: еске алуға арналған мақалалар / құраст. А.Ментебаева. – Алматы: Жібек жолы, 2000. – 148 б., 16 б. фотосүрет – (қазақ, орыс тілдерінде)

Шәкен Айманов. – Павлодар: ЭКО, 2003. – 118 б.

Бұл кітапқа Шәкен Айманов туралы жазылған Ә.Кекілбаевтың, А.Әшимовтің, К.Кенжетайұлының, Ә.Сығаевтың тағы басқаларының әр кездегі жазылған естелік мақалалары қамтылған.

Шамшиябану Канышевна Сатпаева: биобиблиографический указатель. – Алма-Ата: Ғылым, 1991. – 50 с.

Шәкен Айманов: фотоальбом. – Алматы: Өнер, 2004. – 160 б.

Шәкен Айманов = Шакен Айманов: кітап-альбом / құраст. Қ.Бегалин. – Алматы: Өнер, 2014. – 320 б. – қазақша, орысша

Хамитова Марван, Академик Ә.Х.Марғұланның ғылыми мұрасының Қазақстан музейі ісіндегі маңызы: Монография / М.Хамитова. – Алматы, 2014. – 223 б., ил.

Хамитова Марван, Ғұлама ғалым. Азамат. Тұлға: монография / М.Хамитова. – Алматы, 2014. – 194 б., ил

Шаріпқызы Мәпіш, Ой – өрнек / М.Шәріпқызы. – Қарағанды: Арко, 2016. – 214 бет

Шаріпқызы Мәпіш, Қыран ғұмыр / М.Шәріпқызы; құраст. Және ред. А.Жанғожин. – Қарағанды: Арко, 2016. – 344 бет*

Шоң би Едігеұлы. – Түркістан: «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы, 2012. – 24 б. *

Бұл кітапшада Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген Шоң би Едігеұлының ғибратқа толы өмірі мен өнегелі істері баяндалады. Қазақ тарихында Шоң би қара қылды қақ жарған әділдігімен, шешендігімен және елдің қамқоршысы ретінде сомдалған. Бидің ел мен жердің бірлігі, тұтастығы, болашағы жолында атқарған ерен еңбегі тарихи құжаттар негізінде жүйеленіп ұсынылады. Кітапша отан тарихына қызығатын қалың көпшілік қауымға арналған.

Шындық деп өткен жан еді: жазушы, дәрігер Зейін Шашкинге арналады / құраст. Қ.З.Шашкина. – Алматы: Айғаным, 2018. – 570 бет