«Тарих тудырған тұлға»

     

Қазақ халқының ұлы жазушысы, қазақ тарихымен қауыштырған қаламгер Ілияс Есенберлиннің 105 жыл толуына орай Майқайың, Үшқұлын кітапханаларында кітап көрмесі безендіріліп, «Тарих тудырған тұлға», «Есенберлин әлемі» атты әдеби кештер 4-9 сынып оқушыларымен өткізілді. Шара барысында қатысушыларға жазушының өмір жолы мен шығармаларына арналған слайд көрсетіліп, әдеби – тарихи құндылығы зор «Алтын Орда», «Көшпенділер» шығармаларының қысқаша мазмұнына тоқталып және осындай туындылары үшін Мемлекет марапаттарына ие болғандығы жайлы аталып өтілді