«ЖЫЛ ҚҰЛАГЕРІ»

         

Ақпан айының 26 күні , Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі аудандық кітапханамен бірлесе отырып, тіл мәдениетін, көркем әдебиетті жандандыру, талантты жастарға қолдау көрсету мақсатында, Ілияс Жансүгіровтың шығармашылығына арналған  «ЖЫЛ ҚҰЛАГЕРІ» атты  көркемсөз оқу шеберлерінің, аудандық конкурсын өткізді. Конкурсқа, ауданға қарасты елді-мекендердің ЖОББМ-нен 23 оқушы қатысты. Конкурс шарттары бойынша, І.Жансүгіровтың проза  мен поэзиясынан үзінді жатқа айту. Конкурс жеңімпаздары  сыйлықтармен , барлық қатысушылар алғыс хаттармен мараппаталды.