«Мұса Шорман ауыл кітапханасы»

           

Кітап – нәзік те, тұнық әлем. Кітап – білімнің түпсіз аспаны, терең бастауы. Ұлтымыздың мерейі мен деңгейі қоғам мен мемлекетіміздің өркенін өсіруде, қыруар пайда келтіретін осынау рухани қазына — кітап.
Балалар кітабы, халықаралық кеңесінің шешімімен 1967 жылдан бастап, балалардың сүйікті ертегішісі Ганс Христиан Андерсеннің туған күні, яғни 2 сәуір халықаралық балалар кітабы күні деп бекітілген. Мұның басты мақсаты – әлем балаларын әдебиетке жақын болуға шақыру, кітап оқуға үндеу, адам өмірінде кітаптың алар орны ерекше екенін түсіндіру, «кітап – білім бұлағы, ал білім – өмір шырағы» екенін жеткізу. «Кітап — ғажайып әлем» — библиопост Мұса Шорман ауылы