12 сәуір Сәтбаев ауыл кітапханашысының ұйымдастыруымен Қаныш Сәтбаевтің 121 жыл толуына орай «Даламның дана тұлғасы» атты мәнерлеп оқу онлайн түрінде өткізілді.
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев — 12 сәуір 1899 жылы, Баянауыл ауданы, Павлодар облысында дүниеге келген.
⠀
Геолог-ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик.
⠀
Ғалымның шын есімі – Ғабдулғани. Арабшадан аударғанда «шексіз байлық иесі, ешкімге мұқтажсыз Алланың құлы» деген мағынаны береді. «Ғани», «Ғаныш» еркелете келе «Қанышқа» айналған.
⠀
📔Қ. Имантайұлы алғашқы қазақ мектептеріне арналып ана тілінде жазылған «Алгебра» оқулығының авторы. Алғашқы ғылыми еңбегіне жататын оқулық қолжазбасының көлемі – 1642 бет.
⠀
1947 жылғы наурызда Қаныш Сәтбаев КСРО Жоғарғы Советінің делегациясы құрамында Англияға барған. Сол сапарда ол Уинстон Черчилльмен кездескен.
⠀
‼Мәскеудің тапсырмасы бойынша Қазақстанның жерасты қазба байлығының картасын жасаған кезде Қаныш Сәтбаев төрт-бес ірі кенішті картаға кіргізбейді. «Бұл қалай?» деген орыс ғалымдарына: «Ондағы рудалар өте тереңде. Қаржыны да, теxниканы да көп қажет етеді. Сондықтан бұл жерді картаға кіргізуге әлі ерте», – дейді. Ал өзімен сырлас, сыртқа сыр шашпайтын достары Мұхтар Әуезов пен Әлкей Марғұланға: «Әдейі жасырып алып қалдым. Кейінгі ұрпаққа да байлық керек шығар!» – деген.