Абдоллин Риза Зәкірұлы

Абдоллин Риза Зәкірұлы, 1926 жылдың 23 наурызында туған, Павлодар облысының Баянауыл ауданы тумасы; 2006 жылдың 7 наурызында қайтыс болған, Павлодар облысы, Екібастұз қ.

Әскери мамандығы. Атқыш, артиллерист.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1945 жылдың 1 қаңтарында шақырылған. 101-ші, 390-ші запастағы атқыштар полктерінің құрамында соғысқан. 1950 жылдың 28 қаңтарында әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Орман өңдірістік шаруашылығында жұмысшы (Павлодар облысының Лебяжі ауданы Бәйімбет ауылы) шопан болып (Павлодар облысының Баянауыл ауданы, Жосалы ауылы) істеген.

Марапаттар. Орден: II дәрежелі Отан соғысы; мерейтойлық медальдар: «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске елу жыл», Кеңес одағының Маршалы Г.К. Жуков медалі; белгі; «1941-1945 жж. Соғыс ардагері».