Амиев Нағымтай

1911 жылы 1 желтоқсанда туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы; 1990 жылы мамыр айында қайтыс болған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының Көкдомбақ ауылы.

Атағы. Гвардия ефрейтор.

Жауынгерлік жолы. Баянауыл ауданының әскери комиссариятымен 1942 жылы қаңтар айында ШҚА қатарына шақырылған. 212 атқыштар девизиясының 669 атқыштар полкінде, 2-ші Украина майданының 233 гвардиялықатқыштар полкінде атқыш болған. Әскерден 1945 жылы 25 қыркүйегінде босатылған.

Еңбек жолы. Мал шаруашылығы саласында Баянауыл ауданы және Қарағанды облысының шаруашылықтарында әр түрлі қызмет атқарған. Павлодар облысы Баянауыл ауданы «Майқайыңалтын» комбинатында атқыш қызметінде болған.

Марапаттары. Орден: Отечественной войны I степени, медальдар. «За отвагу»,«За победу над Германией в  Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.»,мерейтойлық медальдар. «Двадцать  лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.»,«Тридцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок  лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» .