Айдарханов Бұркітбай Айдарханұлы

1918 жылдың 29 желтоқсанында туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы; 1970 жылдың 28 қазанында қайтыс болған.

Атағы. Медициналық қызмет капитаны.

Жауынгерлік жолы.ЖШҚА-ға 1941 (1942) жылдың қарашасында шақырылған. Калинин майданы әскерлері құрамында; 1-ші Балтықбойы майданының 43-ші армиясы 101-ші жеке атқыштар бригадасы 1-ші жеке атқыштар батальонының аға дәрігері; 51-ші армияның № 1105 көшпелі емханасы 7-ші бөлімшесінің дәрігер-ординаторы, басшысы ретінде соғысқан.

Еңбек жолы. Қазақ КСР Ғылым Академиясы клиникалық және тәжірибелік хирургия институты бөлімшесінің, радиобелсенді изотоптар зертханасының кіші, аға қызметкері, меңгеруші болып істеген.

Медицина ғылымының докторы, профессор.

Марапаттары. Орден: Отечественной войны II степени, Красной Звезды; медаль: «За боевые заслуги».