Айтжанов Мұқантай

1919 жылы Баянауыл ауданының Теңдік ауылында дүниеге келген. 1941 жылдың мамыр айында қызыл әскер қатарына шақырылған. Отты жылдары майдан шебінің алдыңғы қатарында болған. 1941-1943 жылы атқыштар дивизиясы сапында қол пулеметімен талай жау басқыншыларын жер жастандырған. 1943-1945 жылдар аралығында Белорус фронты 28-ші атқыштар дивизиясында, 316-ші телеграфының құрылыс (строительный) ротасы құрамында болған. Қанды шайқастардың бірінде басынан контузия алған.  Туған еліне 1946 жылы оралып, соғыстан кейінгі ауыл шаруашылығының қалыпты деңгейіне  келуіне көп септігін тигізген. Соғыс жылдарындағы ерлігі және бейбіт заманындағы ерен еңбегі еленіп, бірнеше марапаттарға ие болған.

Жұбайы Айтжанова Бәркенмен бірге 9 бала тәрбиелеп өсірген. Қаһарман жауынгер 1987 жылы дүниеден өтті .