1925 жылы Баянауыл ауданына қарасты Жаңатілек ауылында туған, әскери шені: қатардағы жауынгер. Фашисттік неміс басқыншылары тұтқиылдан шабуыл жасап , елге қауіп төндіргенде жас жігіт қатарластарымен бірге Отанын қорғауға аттанады. 1944 жылдың тамызындағы қиян-кескі шайқастардың бірінде ауыр жарақат алады. Соғыс даласында танытқан ерлігі үшін «Ұлы Отан соғысы» II дәрежелі орденмен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Оан соғысындағы Жеңіске 20,30,40,50,60 жыл», «КСРО Қарулы Күштеріне 60 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған. Соғыс аяқталған соң туып-өскен жері Жаңатлек ауылына оралып, ауылдағы орта мектептің директоры ретінде көптеген жылдар бойы қызмет атқарады. Төккен тер мен адал еңбектің арқасында «Еңбек ардагері» медаліне ие болады