1914 жылы Баянауыл ауданының Жаңажол ауылында туған. Әскери шені: лейтенант. 1941 жылы Ақтөбе қаласының әскери комиссариатымен әскер қатарына шақырылған. Ұлы Отан соғысы жылдары 685 және 2087- інші құрылыс батальоны сапында қызмет еткен. Соғыстан оралған соң 1947 жылға дейін Павлодар облыстық сотының мүшесі болып қызмет атқарған. Бірнеше рет облыстық кеңестің депутаты, облыстық және атқарушы комитеттің мүшесі болып сайланған. Майдандағы ерлігі үшін «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында ерен еңбегі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 20 жыл» медальдарымен марапатталған.