Алғамбаров Қажыбек Алғамбарұлы

1920 жылдың 15 желтоқсанында туған. Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы; 2006 жылдың 06 елтоқсанында қайтыс болған, Павлодар облысы Екібастұз қ.

Әскери білімі, мамандығы. Киши командирлер курсы (Алматы қ. 1941); арлиллериялық училище (РКФСР Пенза қ.); артиллерияшы.

Атағы. Аға лейтенант.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1941 жылдың желтоқсанында шақырылған. 105 –ші атты әскер дивизиясы құрамында взвод командирі; 478-ші артиллерия полкі (Батыс, 3-ші Белорус майдандары ) құрамында батарея командирі ретінде соғысқан. Смоленск, Можайск, Торопец (РКФСР)қалалары үшін шайқастарға, Белоруссияны, Польшаны азат етуге, Кенинсберг түбіндегі шайқастарға қатысқан. 1945 жылы жаралануына байланысты әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Куйбышев ауданының Шідерті бастауыш мектебінде меңгеруші. Екібастұз, Краснокутск ауданының Шідерті сегізжылдық мектебінде директор болып істеген (Павлолар облысы).

Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген ұстазы.

Марапаттары. Ордендер: Отечественной войны I степени,Красной звезды; медальдар. «За отвагу», «За освоение целинных земель», «Еңбек ардагері»; мерейтойлық медальдар. «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» , «Тридцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» , «Сорок  лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» ,«1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің елу жылдығы», Кеңес одағының Маршалы Г.К.Жуков медалі.