1941 жылы Ұлы Отан соғысына аттанып, 1945 жылы соғыстан оралған. Саратов майданында атқыш автоматшы болған. Қатардағы жауынгер. Соғыстан кейін аудан орталығында райкомда хатшысы болып қызмет атқарды. Көп жылғы еңбектері үшін мақтау қағаздарымен марапатталды. Отбасын құрып, балалары ержетіп, қазыргі күні немере – шөберелері әр салада қызмет етуде. 1975 жылы дүниеден өтті.
Ермағамбет Арықпанов «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 20, 30, 40жыл» , «КСРО Қарулы Күштер 50 жыл», «Ерлігі үшін» медальдармен марапатталған.