1921 жылдың 7 шілдесінде туған, Павлодар обылысы Баянауыл ауданының тумасы; 2007 жылының 20 тамызында қайтыс болған, Павлодар қ.
Әскери білімі. Архангельск миномет училищесі жанындағы командалық құрамды жетілдіру курстары (1942).
Атағы. Гвардия аға лейтенанты.
Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1939 жылдың қазанында шақырылған. Ұлы Отан соғысына Солтүстік-Батыс, Воронеж майдандарының 40-шы армиясы 1-ші атқыштар дивизиясының 460-ші атқыштар полкі құрамында; 1-ші Украин майданының 17-ші миномент бригадасы 13-ші артиллериялық дивизиясының 225-ші миномет полкі құрамында минометтік батарея, минометтік взвод командирі; 2-ші Белорус майданының 1-ші танкілік армиясы 8-ші гвардиялық механикандырылған бригадасының 265-ші миномет полкі (526-ші жеке миномет полкі) құрамында басқару взвод командирі ретінде қатысқан. Карамель мойнағындағы, Курск доғасындағы шайқастарға, Украинаны, Польшаны, Германияны азат етуге, Берлинді алуға қатысқан. 1946 жылдың қазанында әскерден қайтарылған.
Еңбек жолы. Павлодар қ. №10 қазақ орта мектебінің әскери жетекшісі, директорының орынбасары, ДОСААФ Павлодар аудандық комитетінің төреғасы, «Пищевик» артелі (Павлодар қ.) партия ұғымы төрағасының орынбасары, хатшысы, Павлодар ауданы Жамбыл ат. ұжымшардың партия ұйымының босатылған хатшысы, Май ауданы Май кенішінің техникалық бақылау бөлімі басшысы, Қазақстан Компартиясы Павлодар аукомының нұсқаушысы, Павлодар ауданы №499 кеңшарының партия комитеті хатшысы, Павлодар аудандық атқару комитетінің жалпы бөлімі (Павлодар обылысы) меңгерушісі болып істеген.
Марапаттары. Ордендер: Отечественной войны II степени, «Құрметті»; медальдар: «За отвагу», «За освобождение Варшавы», «За взятие Берлина», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг».