1914 жылы Қаражар ауылының тұрғыны.
Туған жері: Майқайың кенті, Шөптікөл ауылы.
Әкесі Ахмет ауылда молда болған, араб тілін жақсы меңгерген елге сыйлы мұғалім болған. Ағалары: Бердірақым, Әшім ауылдың үлкен солдалары болған. Бірнеше жыл Майқайын кентінде госбанкіде жұмыс атқарған. Шөптікөл көмір кешенінде көмір артушы экскаваторда жұмыс істеген. Өмірінің ақырына дейін Қаражар ауылында тұрған.
1942 жылы маусым айында соғысқа аттанды, 979-атқыштар полкында соғысқан. Әскери білімі: атқыш. 1943 жылы Сталинград түбінде ауыр жарақат алып, 1943 жылы шілде айында отанға қайтып келді.
Ұлы Отан соғысы жылдары көрсеткен ерлігі үшін біргеше орден медальдармен марапатталған, атап өтсек «Ұлы Отан Соғысының 2 дәрежелі Орденімен», «Ерлігі ұшін». Туған еліне оралған соң, бейбіт өмірде еңбекке араласып, іскерлігімен танылады.
Бірнеше жыл Майқайың кентінде госбанкте жұмыс атқарған. 1957-1966 жылдары Шөптікөл көмір кешенінде көмір артушы экскаваторда жұмыс істеген. 1965 жылы Павлодар обылысының халықтық сайлауы байынша Шөптікөл ауылында еңбекті қорғау инспекторы міндетін атқарды. 1966 жылы Қаражар ауылына отбасы жағдайына байланысты көшіп келді. Музафар ата Қаражар ауылының қоймасын басқару міндетін атқарған. 1974 жылдардан бастап «Азат» фермасында мал бағу кәсібімен шұғылданады. Қаһарман майдангер 1998 жылдың 29 желтоқсан айында өмірден өтті.