1925 жылы қаңтардың 24-де Баянауыл ауданында дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына 18-ге толмай 1942 жылы қараша айында «Большевик» колхозынан (қазіргі Күркелі ауылы) шақырылған. Басында жарты жыл шығыс шекара Жапондарға қарсы қорғаныста, содан 1943 жылы 27 шілдеде Чита обылысының маңында бір ай дайындық курсынан өтеді.
1943 жылдың қзан айында соғысқа кіреді. 2-ші Украин фронты құрамында Польшаны азат етуге қатысқан. Соғыста Шығыста аяқтап, жаяу әскер қатарынан, әскери теңіз флотына ауыстырылды. «Таганрог» кемесінде моряк-командир нысанышы ретінде 1945 жылының қыркүйегінен 1948 жылының жазына дейін қызмет етеді. 1945 жылдың қысында Польша жерінде 2-Украина майданының құрамында Баянауыл ауданының тумасы артиллерист ретінде шайқасқа қатысты. Ол Одерде өтіп, Шығыс Пруссияда соғысты. 1948 жылғы тамыздың аяғында Батысты басып өтіп Шығыстан шығып Еуропа мен Азияны аралап алты жыл дегенде аман-есен үйге қайтады. «Варшаваны азат еткені үшін» және «Кенигсбегті алғаны үшін» медальдармен марапатталады. Германияны жеңгеннен кейін Оңтүстік Сахалинде Косаков қаласының түбінде Жапонияға қарсы соғсқа қатысты.
Баянауыл ауданына оралған соң Жосалы кеңшарында 35 жылдай есепші және бөлімше басқарушы болып жұмыс істейді. Зайыбы Мәктай апа екеуі төрт немере сүйіп, жауынгер ақсақал 2007 жыл өмірден озды.