«Баянаула елінің киелі орындары»

                              

Рухани жаңғыру бағдарламасы жастарға, өсіп келе жатқан жас буынға, еліміздің көне дәуірден бастапқы алған рухани қазынамызды, ұлттық тарихымызды, тарихи ұлы тұлғаларымызды, салт – дәстүрімізді, мәдениетіміз бен өнерімізді кеңінен танып, ата – бабадан қалған құндылығымызды жалғстырып, ұмытқанымызды жаңғыртып, барымызды жалғастыратын бастау. Осы бағдарлама аясында Баянаула елінің киелі орындары, тарихи жерлері мен ескерткіштердің картасы жасалып, халық назарына жол тартты, яғни, осындай құнды да қасиетті орындарымыз бен ескерткіштерімізді біліп, көруге мүмкіндік туды. Осы бағытты негізге алып «Баянаула елінің киелі орындары» атты бейнеролик жасалып оқырман қауымға жол тартты. Оқырман қауым Баянаула елінің әр елді мекенінде орналасқан жерлермен танысты.