«Мен қазақпын»

                                

Биылғы жыл қазақтың жыр дүлділінің бірі, қазақ поэзиясының дамуына өлшеусіз үлес қосқан ақын, Қазақстан халық жазушысы Жұбан Молдағалиевтың туғанына 100 жыл. Ақын өз өлеңдерінде қазақ халқының өткен өмірі мен тағдыры жайлы, ұлттық ерекшеліктерін, ерлік дәстүрін, туған жер мен елін, оның байлығын ғана жырлап қоймай, қазақ тілінің ұлылығын, мәртебесін жоғары көтеріп асқақтата жырлады.

Балалар әдебиет бөлімі оқырмандарының назарына, Жұбан Молдағалиевтың 100 жылдығына арналған «Мен қазақпын» атты поэмасынан үзінді ұсынады!