«Ақын, әнші, композитор»

Баянауыл аудандық кітапхана Иса Байзақовтың туғанына 120 жыл толуына орай оқырмандарға «Ақын, әнші, композитор» атты онлайн музыкалық бейне хабарламаны ұсынады. Қазақтың танымал суырып салма ақыны Иса Байзақовтың әндері ауызша да, жазбаша түрде де танымал. Әндер алғаш рет 1924 жылы басылып шықты. Иса Байзақов қазақ фольклоры негізінде қалыптасқан бірқатар эпикалық шығармалардың авторы. Ұлы Отан соғысы жылдарында Оңтүстік Қазақстан облыстарында тұрып, ел аралап, үгітшілік қызмет атқарды. Халықты жауын жеңуге шақырды. Бұл кездерде оның композиторлық дарыны да кең өрістеді. Оның атақты «Желдірмелері» халықтың жан-жүрегін тербеді.