Қазақ халқының қолөнері көне заман тарихымен бірге дамып, бірге қайнасып келе жатқан бай қазына.
Ұлттық мəдениетіміз, дəстүрімізден сыр шертеді.
«Қолөнер- еңбектің қайнар көзі» демекші қолөнер туындылары жас ұрпақты еңбекқорлыққа, адалдыққа баулиды.
Егіндібұлақ ауылының тұрғыны, ұстаз, аяулы ана, он саусағынан өнер тамған шебер Ырысты Жақсыбайқызының қолөнер туындыларын назарларыңызға ұсынамыз.