«Айгөлек»

Құрметті кішкентай оқырмандар!  Балаларға арналған мерзімді басылымдар әлемі – сан алуан, өте қызықты.

Бүгінгі таңда аудандық кітапхананың балалар әдебиет бөлімінің кітап қорына «Айгөлек», «Дара бала», «Сиқырлы әлем», «Мурзилка», «Мөлдір бұлақ», «Балалар әлемі», «Ертегілер елінде», «Балабек» сынды мерзімді басылымдар ай сайын келіп түседі. Бұл мерзімді басылымдардан қызықты өлеңдер, қысқаша әңгімелер және жас суретшілер мен ақындарымыз туралы мағлұматтарды біле аласыздар.

Құрметті жас оқырмандар, мерзімді басылымдар сіздердің сенімді серіктеріңізге айналып, пайдалы дүниелермен білімдеріңізді одан әрі жетілдіреміз десеңіздер балалар әдебиет бөліміне келіп, танысып оқуларыңызға болады!