«Даланың дара арулары»

Жаңатілек ауыл кітапханасының ұйымдастыруымен Аршагүл Тойбайдың «Даланың дара арулары» атты кітабына шолу жасалды.

Бұл жинақ- көз көрмеген сонау көне дәуірлерден бастап біздің заманымыздағы әртүрлі аңыз-әфсаналар, фольклорлық мифтер, ақын-жазушылардың жырлары мен дастандары, тасқа таңба салғандай ескерткіштер, әулие-әмірлердің аманаттары арқылы ауыздан ауызға жетіп, халықтың жадында сақталған шынайы да мөлдір әрі асқақ та, ажарлы сыр маржандары. Бұл тарих-біздің асыл дүниеміз, басты рухани құндылықтарымыз, ұрпақтан-ұрпаққа үклеп тапсыратын қымбат қазынамыздың асыл бөлшегі.