Бірлік ауыл кітапханасының коворкинг орталығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жыраулар-ұлт руханиятының асыл қазынасы» атты онлайн шара өткізілді. Іс-шара барысында қазақ елінің аузы дуалы, күміс көмей жыраулары туралы мағлұмат бере отырып, Бұхар жырау, Жиембет жыраулардың ел билеу ісінде де, алатын қоғамдық орны жөнінде айтылды.