Балтабаев Қалтай

 1908 жылы 16 наурызда Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1995 жылдың 14 наурызында Павлодар облысы Баянауыл ауданы Бірлік ауылында қайтыс болған.

Әскери білімі. Ленинград саяси училищесі (Шуя қ, 1942); 2 – ші Түркістан пулеметтік әскери училищесі (Мары қ, 1944); атқыштар взводының командирі.

Атағы. Кіші лейтенант.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА – ға 1942 жылы шақырылған. 1 – ші Белорусь майданы 75 – ші атқыштар дивизиясының 212 – ші атқыштар полкі құрамында атқыштар взводының командирі ретінде соғысқан. Польшаны азат етуге, Берлинді алуға қатысқан. 1945 жылдың  22 қарашасында әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Баянауы ауданы Александровка ауылдық кеңесінде төраға, Баянауыл аудандық дайындау кеңсесінде төраға, Баянауыл аудандық дайындау кеңсесінде директордың орынбасары, Баянауыл аудандық қаржы бөлімінде салық инспекторы, Баянауыл ауданы Бірлік кеңшарында қойма меңгеруші, қоймашы, табыншы болып істеген (Павлодар облысы).

Марапаттары. Ордендер: Октябрьской Революции, Отечественной войны ІІ степени; медальдар: «За освобождение Варшавы», «За взятие Берлина», «За Победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941 – 1945 гг.», мерейтойлық медальдар: «Дватцать лет победы в Великой Отечественной  1941 – 1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной  1941 – 1945 гг.», «Сорок  лет Победы в Великой Отечественной  1941 – 1945 гг.»