Әбенов Мұзапар

1910 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы. 1988 жылдың 11 мамырында қайтыс болған (Павлодар облысы Баянауыл ауданы).

Атағы. Аға сержант.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1941 жылдың 24 шілдесінде шақырылған. Волхов майданының 9-ші теміржол полкі құрамында бөлімше командирі; Ленинград майданының 163-ші атқыштар полкі құрамында бөлімше командирі ретінде соғысқан. КСРО IIХК (әскерлері) 2-ші дивизионы құрамында аға қадағалаушы ретінде қызмет еткен. Ленинград қорғанысына қатысқан. 1946 жылы әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. (Баянауыл) аудандық қаржы бөлімінің инспекторы, аудандық магазиннің директоры, аудандық  (Баянауыл) тұтынушылар одағының қойма меңгерушісі болып істеген (Павлодар облысы).

Марапаттары. Ордендер: Отечественной войны I степени, Славы III степени; медальдар: «За отвагу», «За оборону Ленинград», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг», «Еңбек ардагері»; мерейтойлық медальдар: «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.»,  белгілер: «25 лет Победы в Великой Отечественной войне».