Әбуталіпов (Әбуталлаев) Саду (Садул)

1905 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы; 1968 жылы 12 маусымында қайтыс болған, Павлодар облысы Екібастұз қ.

Атағы. Қызыл әскер.

Жауынгерлік жолы. Ұлы отан соғысына 1343-ші атқыштар полкі құрамында қатысқан. 1944 жылдың 24 тамыз айынан ерте емес мезгілде әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Павлодар облысы Екібастұз қаласының пошта бөлімінде пошташы болып істеген.