Баймолдин Кәмәл

 1911 жылдың 6 сәуірінде Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған. 1991 жылдың 10 қаңтарында Павлодар облысы Ақсу қаласы Құркөл ауылында қайтыс болған.

Әскери мамандағы. Штаб қызметінің маманы, артжабдықтау полкінде кеңсе хатшысы.

Атағы. Әкімшілік қызметінің старшинасы.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА – ға 1942 жылдың мамырында шақырылған. 8 – ші гвардиялық армиясындағы 149 – шы әскери запастағы атқыштар полкінде аға кеңсе хатшысы және артиллериялық жабдықтау қоймасы меңгерушісінің көмекшісі ретінде қызмет істеген (Сталинград, Оңтүстік  – Батыс, 3 – ші Украина, 1 – ші Беларус майдандары). Сталинградты қорғауға, Украинаны, Белоруссияны, Польшаны, Германияны азат етуге, Берлинді алуға қатысқан. 1945 жылдың желтоқсанында әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы.қазақстан К(б)П Павлодар облысы Каганович аукомында ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, партстатистика және бірыңғай партбтлет секторының меңгерушісі; ауылдық тұтынушылар қоғамының басқармасында, Павлодар облысы Каганович аудандық тұтынушылар  одағында істеген, Каганович ауданы «21 – я годовщина Октября» өндірістік артелінің төрағасы; Павлодар облысы Каганович ауданы Энгельс атындағы ұжымшарда төрағаның  орынбасары, Павлодар облысы Ермак ауданы «Приозёрный», «Қызыл құрама» жұмысшылар кооперативі кеңшарларының төрағасы, Павлодар облысы Ермак ауданы Жолқұдық, Ермак жұмысшылар кооперативі кеңшарларында сауда меңгерушісі болып істеген. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін Павлодар облысы Ақсу ауданы «Целинный» кеңшарында қоғамдық тамақтандыруда технолог болып істеген.

Марапаттары. Орден: Отечественной войны ІІ степени; медальдар: «З боевые заслуги», «За оборону Сталинграда», «За взятие Берлина», «За Победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941 – 1945 г.г.», «За трудовое отличие», «За освоение целинных земель»; мерейтойлық медальдар: «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941 – 1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 – 1945 гг.» «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 – 1945 гг.».