Баймұхамбетов Хамит

 1902 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған.

Атағы. Лейтенант.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА – ға 1943 жылы шақырылған. 1 – ші Белорус майданы әскерлері құрамында атқыштар взводының командирі ретінде соғысқан.

Еңбек жолы. Қазақ КСР Даярлау министрлігі Павлодар облысы Каганович ауданы бойынша өкілінің орынбасары, КСРО Мемлекеттік банктің Каганович бөлімшесінің басқарушысы, Павлодар облысы Қазақстан К(б) П Каганович аудандық комитеті хатшысының көмекшісі, Павлодар облыс Каганович ауданы Жолқұдық май зауытының директоры, Павлодар облысы Каганович ауданы 7 – ші Кеңестер съезі атындағы ұжымшар бастауыш партия ұйымының хатшысы болып істеген.

Марапаттары. Медаль: «За Победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941 – 1945 гг.».