1919 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданы Егіндібұлақ ауылында дүниеге келген. 1940 жылы Алматы қаласынан Кеңес әскері қатарына шақырылып, майдан шебіне аттанады. Неміс – фашист басқыншыларына қарсы шайқасын Украинаның солтүстік шығысында бастайды. 1941 жылдың 26 маусымында фашисттерге қарсы шайқаста 13 фашистің көзі жойылып, 7 – еуі тұтқындалған.
Ұлы Отан соғысы жылдары аға лейтенант Н. Баязитов әуелі 127 одан соң, 547 атқыштар дивизиясының құрамыда болды.
1941 – 1943 жылдары гвардия аға лейтенанты 182 гвардиялық атқыштар полкінің рота командирі болған.
Ол басқарған атқыштар ротасы 61 елді мекенді жаудан азат еткен. Батыр ағамыз 1943 жылы фашисттерге қарсы шайқас үстінде ерлікпен қаза болып, Украина елінің, Харьков облысы, Изюм ауданы, Заводы селосында жерленген.