1914 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған.
Әскери мамадығы. Артиллерист.
Атағы. Сержант.
Жауынгерлік жолы. ЖШҚА – ға 1941 жылы шілдеде шақырылған. Ленинград майданы 314 – ші атқыштар дивизиясы 858 – ші артиллериялық полк құрамында 75 мм зеңбірек командирі, 167 – ші запастағы атқыштар полкінің бөлімше командирі ретінде соғысқан.
1945 жылы 2 мамырда жаралануына байланысты әскерден қайтарылған.
Еңбек жолы. Қазақстан К(б)П Павлодар аудандық комитетінің насихатшысы; Павлодар ауданы №499 – шы қой кеңшары партия ұйымының хатшысы болып істеген (Павлодар облысы).
Марапаттары. Медальдар: «За отвагу» (екеу), «За боевые заслуги», «За оборону Ленинграда», «За Победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941 – 1945 гг.»