Біләлов Вахит

1915 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы.

Әскери білімі, мамандығы. Қызыл армияның запастағы саяси құрамын жетілдіру курстары (Қырғыз КСР Ош қ., 1941); Чкалов танкі училиещісі (Чкалов қ., 1944), өзі жүретін батарея командирі.

Атағы. Аға лейтенант.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1941 жылдың тамызында шақырылған. Калинин майданының 100-ші жеке атқыштар бригадасы құрамында жеке пулеметтік рота комиссары, 1-ші Белорус майданының 8ші гвардиялық армиясы 1200-ші жеңіл өздігінен жүретін артиллериялық полкі құрамында өздігінен жүретін артиллериялық батарея командирі ретінде соғысқан. Польшаны азат етуге қатысқан.

Еңбек жолы. Қазақстан К(б)П Павлодар обкомының кадрлар бөлімінде нұсқаушы, Павлодар облысы Қазақстан К(б)П Галкин аукомында хатшы, Павлодар облысы Лозов аудандық «Заготскот» кеңсесінде басқарушы болып істеген.

Марапаттары. Медаль: «За Победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.».