1920 жылы 23 наурызда Павлодар облысы Баянауыл ауданы, Жаңажол ауылында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айырылған ол 1931 жылдан Ақмола облысы, Ерейментау ауданының Благодатное селосындағы балалар үйінде тәрбиеленді.
Есейген соң Алматы қаласындағы байланыс техникумының даярлық бөліміне түсіп, екі жылдық педагогикалық курста оқуын жалғастырады. Жетіжылдық мектепте мұғалім болып істеп жүрген кезінде 1939 жылы әскер қатарына шақырылады. 1941 жылы Украинада Кеңес әскері қатарында жүрген кезінде фашистік басқыншылармен шайқаста ауыр жараланады. Жарақатынан жазылған кейін 1943 жылы 3-ші Белорус майданының құрамында қайта соғысқа кіреді. Бірақ 4-ші қазан күні Орша түбінде қатты жарақаттанып, қатарға қайта кіруге жарамсыз болып шығады. Елге оралғаннан кейін Баянауыл ауданының Майқайың орта мектебінде тарих пәнінен сабақ беріп, кейіннен мектептің оқу ісі меңгерушісі болады.
Талғатбек Әбдіразақов «Даңқ» және «Ұлы Отан соғысының» І дәрежелі ордендерінің иегері. «Ерлігі үшін», «Кеңес Одағының маршалы Г.К. Жуков» және Украина, Белоруссия мемлекеттерінің медальдарын және т.б. көптеген марапаттардың иегері. Баянауыл ауданының құрметті азаматы.
Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ғалым-экономист, Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстан Республикасының білім беру саласының құрметті қызметкері, Қарағанды қаласының құрметті азаматы, Қарағанды экономикалық университетінің құрметті профессоры, экономика ғылымдарының докторы.