Әділханов Нығмет

1924 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы.

Әскери мамандығы. Дөңгелекті машиналар маманы, жүргізуші, атқыш.

Атағы. Сержант.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1943 жылдың маусымында шақырылған. 52-ші жеке автомобиль полкі құрамында (3-ші Белорус майданы) соғысқан.

Жапониямен соғысқа қатысқан.

Еңбек жолы. Павлодар облысы Баянауыл аудандық тұтынушылар қоғамының сауда базасы автодүкенінің сатушысы болып істеген.

Марапаттары. Орден Отечественной войны II степени; медальдар: «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг», «За победу над Японией», «За освоение целинных земель», «Еңбек ардагері»; мерейтойлық медальдар: «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуков медалі; белгілер: «25 лет Победы в Великой Отечественной войне», «1941-1945 жж. соғыс ардагері».