Әкіжаев Мүрсәлім

 1908 жылы Май ауданы, Бестау ауылында дүниеге келген. Соғыс басталғанға дейін Май ауданының ауылдарында ауыл кеңесінде әртүрлі қызметтер атқарған. 1940 жылдың жазында Баянауыл ауданына қоныс аударып, қазіргі Күркелі ауылының орнына «Жаңа талап» колхозын  (Большевик) құруға қатысқан. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда алғашқылардың бірі болып аттанады. 163 атқыштар полкінде Ленинград шайқасына қатысқан. Соғыстан 1946 жылдың жазында оралды. Соғыстан кейін Южный (Қойтаста) ауылдық атқару органдарында қызмет атқарып, кейінен 1951-1959 жылдары  Жосалы ауылдық кеңесте хатшылық, кейінен дүкен сатушысы қызметін атқарған. 1959 жылы Лекер мал бордақылау пунктінде зейнеткерлікке шыққанға дейін қойма меңгерушісі, директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарады. Шәкира апай екеуі 12 бала тәрбиелеп өсіреді. Балаларының көбі жоғары білім алып, әр салада қызмет атқарады. «Германияны жеңгені үшін», «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 20, 25, 30, 40 жыл», «КСРО Қарулы Күштеріне 50,60 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталды. 1988 жылы 80 жасында дүниеден қайтты.