Әлжанов Қайыржан

 1922 жылы Ақсаң округіне қарасты Жалғызқайың ауылында дүниеге келген.

Қайыржан Әлжанұлы сұрапыл соғысқа небәрі 19 жасында аттанып, соғыстың отты жалынына 1941 жылдың желтоқсан айының қақаған аязында Орел-Курск шебінде майданға кірген. 310-шы атқыштар полкінің гвардия старшинасы дәрежесінде взвод командирінің орынбасары ретінде соғысады. Өзі басқарған взводымен жаудың бірнеше рет шебін бұзып, сол бір алапат ұрыста оң аяғы мен иығынан жаралы болып әскери госпитальға түседі. 1943 жылдың тамыз айында емделіп шығып, 7 кавалериялық дивизия құрамында шайқастарға қатысады.

1944 жылы мамыр айында ұрыс даласында жақ сүйегінен жараланып, тағы да госпитальға түседі. Ауыр жарақатына байланысты 1944 жылдың 20 мамырда елге қайтады.

Елге оралған соң мектепте мұғалім, Майқайың ішкі істер бөлімінің паспорт үстелінде қызмет істейді. Көбдік колхозында колхоз бастығының орынбасары, қойшы, ауылдық советтің хатшысы болады.

Бірнеше рет ауыл совет депутаты, әр кездердегі  Социалистік жарыстарының жеңімпазы.

Марапаттары. Мерейтойлық медальдар:  «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» «Пятьдесят лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл» көптеген аудандық, облыстық мақтау қағаздарымен  марапатталған.