Әлмұхаметов (Альмухамедов) Кәбір

1913 жылдың 8 қарашасында туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы; 1970 жылдың 23 сәуірінде қайтыс болған, Павлодар облысы Екібастұз қ.

Әскери білімі. Сержант құрамының мектебі.

Атағы. Ефрейтор.

Жауынгерлік жолы. 62-ші шекаралық асақ құрамында Жапониямен соғысқа қатысқан. 1946 жылдың 17 мамырында әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Лебяжі ауданы Қызыл қоғам мектебінде, Екібастұз қ. №2 қазақ орта мектебінде (Павлодар облысы) мұғалім, директор болып істеген.

Марапаттары. медальдар: «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг», «За победу над Японией»; мерейтойлық медальдар: «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.»;  белгі «Қазақ КСР Халыққа білім беру ісінің үздігі».