1920 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы;
Әскери мамандығы. Атқыш. Атағы. Қатардағы.
Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1941 жылдың маусымында шақырылған. Батыс майданы 1-ші әуе-десанттық гвардиялық атқыштар полкі құрамында атқыш ретінде соғысқан. Украинаны азат етуге қатысқан. 1943 жылы жаралануына байланысты әскерден қайтарылған.
Еңбек жолы. «Майкаинзолото» комбинатында токарь, Майқайың азық-түлік жабдықтары қосалқы шаруашылығында зоотехник, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Майқайың ауылы жол басқармасында істеген.
Марапаты. Медаль: «За отвагу».