1917 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы.
Әскери білімі. Атты әскер.
Атағы. Сержант.
Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1942 жылдың 21 қаңтарында шақырылған. 40-шы атты әскер полкі құрамында; 109-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының 306-шы гвардиялық атқыштар полкі 2-ші атқыштар ротасының атқыштар бөлімшесі командирі ретінде (2-ші Украин, 3-ші Белорус майдандары) соғысқан. Венгрияны, Чехословакияны азат етуге қатысқан. Забайкалье майданы әскерлері құрамында Жапониямен соғысқа қатысқан.
Еңбек жолы. Павлодар облысы Баянауыл ауданы Қызыл қоғам ауылдық кеңесінің хатшысы болып істеген.
Марапаттары. Медальдар: «За отвагу», «За освобождение Белграда», «За взятие Будапешта», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг», «За победу над Японией».