Ермекбаев Қайыржан

1926 жылы Баянауыл ауданының Жарылғап ауылында дүниеге келген; 2004 жылы қайтыс болған. Ел басына күн туғанда 18-ге енді толған бозбала қатарластарымен, ағаларымен бірге Отанын қорғауға аттанады.

Майдан даласында атты әскер қатарында бірнеше шайқастарға қатысқан. Сұрапыл айқастардың бірінде аяғынан жарақат алып, госпительге түседі. Емделіп шыққан соң, 1950 жылға дейін әскер қатарында қызметін атқарады.

Туған жеріне оралған соң, есепшілік жұмыс атқарады. Көп жылдар бойына «1 Май» (кәзіргі Жарылғап ауылы) бөлімшесінің меңгерушісі болып қызмет етті.

Марапаттары. Орден. Отечественной войны ІІ степени; мерейтойлық медалі: «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.»