Ерманов Рахметолла

1919 жылы туған, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы Баянауыл ауылының туған.

Әскери білімі. Кіші командир полк мектебі (РКФСР Славгород қ. 1941).

Атағы. Старшина.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1939 жылдың 15 шілдесінде шақырылған. 386-шы атқыштар полкі құрамында взвод командирінің көмекшісі; 220-шы атқыштар дивизиясы құрамында взвод командирі; 143-ші атқыштар дивизиясы құрамында взвод командирі ретінде Ұлы Отан соғысына қатысқан. Смоленск бағытындағы шайқастарға қатысқан. 1946 жылдың (желтоқсанында) әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Қазақстан КП(б) Куйбышев аукомы ұйымдастыру-нұсқау бөлімінде нұсқаушы, үгіт және насихат бөлімінде насихатшы, Куйбышев ауданы Караоба МТС саяси бөлімі бойынша директордың орынбасары, прораб, Павлодар жөндеу зауытында кадрлар бөлімінің басшысы, Баянауыл ауданы «Александровский»  кеңшарында (Павлодар облысы) кадрлар бөлімінің аға инспекторы болып істеген.

Марапаттары. Орден: Красной Звезды; медальдар : «За боевые заслуги», «За взятие Кенигсберга», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.».