Жангелдин Қанаш Өскенбайұлы

1916 ылдың 18 қаңтарында (25 қыркүйегінде) туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы; 2012 жылдың 4 тамызында қайтыс болған, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Құндыкөл а.

Әскери білімі, мамандығы. 39-шы атқыштар полкі құрамындағы қысқартылған курс, ӘШҚ бөлімдерінің бақылаушы-барлаушысы.

Атағы. Кіші сержант.

Жауынгерлік жолы.  ЖШҚА-ға 1939 жылдың тамызында  шақырылған. Ұлы Отан соғысына байланыс батальоны бөлімшесінің командирі; авияциялық пост басшысы ретінде қатысқан.

Жеке байланыс батальоны құрамында Жапониямен соғысқа қатысқан. 1946 жылдың маусымында әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Максим Горький ауданында мұғалім, Баянауыл ауданы Алексеевка толық емес мектебінде бастауыш мектептердің меңгерушісі, мектеп мұғалімі, интернат меңгерушісі болып істеген (Павлодар облысы).

Марапаттары. Ордендер Отечественной войны II степени, Славы III степени; медальдар: «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «За победу над Японией», «Еңбек ардагері»; мерейтойлық медальдар: «Двадцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг», «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің елу жылдығы», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жыл», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жыл», Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуков медалі; белгілер: «1941-41945 жж. соғыс ардагері», «Отличник народного просвещения Казахской ССР».