Жақыманов Жұмабек

1922 жылы туған Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы.

Әскери мамандығы. Атқыш.

Атағы. Қатардағы.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА – 1943 жылдың 25 қарашасында шақырылған. 880-шы атқыштар полкі құрамында  атқыш ретінде (2-ші Украин майданы) соғысқан. Днепр үшін шайқасқа қатысқан.

Еңбек жолы. Павлодар облысы Баянауыл ауданы «Жайма» кеншарында аға жылқышы  болып істеген.

Марапаттары.Орден: Отечественной войны ІІ степени; медальдар: «За отвагу», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.», «За доблестный труд в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.»; мерейтойлық медальдар: «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.», «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің елу жылдығы», Кеңес Одағының Маршалы  Г.К. Жуков медалі.